Бұл жайлы Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымның Женевада ұсынылған жаңа баяндамасында айтылды, деп хабарлайды БҰҰ Жаңалықтар орталығы.
Мамандардың айтуынша, СО2 газының мөлшері былтыр миллионға 403,3 бөлшек болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 400 бөлшек төңірегінде еді.
Оның күрт артуына Эль-Ниньо табиғат феномені мен адам қызметінің әсері себеп болып отыр. «Атмосфераға зиянды заттарды шығаруды қысқарту үшін белсенді шаралар қабылдау қажет, өйткені біз шығарған әрбір СО2 молекуласы атмосферада қалып, жинала береді. Қоқыс шығаруды азайтып, «науаларды» көбейту қажет. Науа дегеніміз - биосфера және мұхит. Биосфера СО2 газының шамамен 20 процентін жұтып, оттегіге айналдырады», - дейді БМҰ сарапшысы Оксана Тарасова.
Мамандар әлем елдерін Климат жөніндегі Париж келісімін орындауға шақыруда. Құжатқа сәйкес, атмосферадағы көмірқышқыл газдың концентрациясын азайту бойынша бірқатар шара қабылдануы тиіс.