деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл көрсеткіш суға шомылу маусымының барысында әлдеқайда өседі. Г. Савруктің айтуынша, өлім-жітімнің негізгі себептері суға түсушілердің қауіпсіздік шараларына салғырт қарауынан және мас күйінде суға шомылуынан болады. Осылайша, суға шомылу маусымы ашылғалы бері 22 адам ажал құшқан. Ал өткен тәулікте 9 адам суға батып кеткен.
Соған орай бүгін астаналық құтқарушылар мен медицина қызметкерлері Есіл өзенінің жағалауында суға батқандарды құтқарудың және оларға алғашқы медициналық көмек көрсетудің әдіс-тәсілдерін көрсетті. Өздерінің биылғы маусымдағы дайындықтарын тағы бір шыңдап алды.
Құтқарушылар, жүзе білу - суда қауіпсіздік кепілі еместігін атап өтуде. «Аптап ыстықта адамдар салқындағылары келіп, барлық қауіптерді ескерместен суға түсе бастайды. Су түбіне, тереңге сүңгиді. Ал ол жердегі температураның және қысымның әлдеқайда төмен екендігі белгілі. Температура мен қысымның тез өзгеруі болған кезде адамның жүрегі тоқтап қалады», дейді Г. Саврук.
Сондықтан адамдар жазғы мезгілде күн ашық, желсіз, ауа температурасы 25 С және одан жоғары болған кездері ғана суға түскендері абзал. Су температурасы 18 С градустан төмен болмауы тиіс.