«Сервистік көмектің арқасында соңғы бес жылда 1,3 млрд. АҚШ долларына келісімшарт жасалды. Бюджеттен бөлінген 1 АҚШ долларына 61 доллар экспорттық келісімшарттар алып келді. Қаржылық көмек тікелей кәсіпорынға берілмейді, бірақ экспорттаушы шетелдік нарыққа шығу барысында жұмсалған шығындардың 50 пайызы мемлекет тарапынан біздің агенттік арқылы өтеледі. Басты талап - экспортты растайтын құжаттары болуы керек және өңделген тауарлар тізіміне сәйкестігі болуы шарт», - деп атап өтті ол.
Айта кетейік, KAZNEX шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету жүйесінің ұлттық операторы болып табылады.