«Бiз нарықтық жағыдайда өмiр сүрудемiз. Сондықтан бiз кәсiпорындарға жаңа инновациялық технологияларды өндiрiске енгiзу үшiн оларға талап қойып қана қоймай, ынталандыру тетiктерiн қолдану қажет. Энергетиканы дамыту саясатымыз осындай болмақ», - дедi ол.
Вице-министрдiң сөзiне қарағанда, сондай ынталандырушы тетiктердiң бiрi шектi тарифтердiң енгiзiлуi болды.
«Аталмыш тарифтердi қолданған бес жылда жыл сайынғы электрэнергетикасына бағытталып отырған инвестиция көлемi 5 есе өстi және 700 млрд. теңгеге жеттi», - дедi Б. Жақсалиев.