ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру аясында студент жастардың тұрмыс жағдайын жақсарту мәселелері шешілуде.
«Бүгінде колледждер үшін жоспарланған 7 жатақхананың 1 520 орындық 5-і пайдалануға беріліп, 488 орындық екеуінің құрылысы жүргізіліп жатыр. «Білікті маман» жобасы аясында 410 гранттық орын бөлініп, соңғы бес жылда түлектердің шетелдің жоғары оқу орындарына кетуі бес есеге қысқарды», - делінген ақпаратта
Ерекше қажеттіліктері барларға кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.