Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сiлтеме жасап primeminister.kz сайты хабарлады.
«Соңғы бес жылда туберкулезбен ауру 34,9%-ға төмендеп, өлім-жітім 55,6%-ға азайды», - делінген ведомство хабарламасында. Сонымен қатар, туберкулезбен күрес бойынша барлық іс-шаралар алғашқы медициналық-санитарлық көмек желісіне ықпалданған.
Оған қоса, аурудың алдын алу шеңберінде туберкулез диагностикасының молекулярлық-генетикалық экспресс-әдістері енгізілді.
Сонымен бірге, бүгінгі таңда ДДСҰ ұсынған аурудың алдын алудың заманауи инновациялық технологияларын қолдану арқылы туберкулезге қарсы іс-шаралар арқылы шешілетін бірқатар мәселелер бар екені атап өтілген.