Соңғы бір тәулікте 100-ден астам адам Эбола індетінен қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эбола індетінен қаза тапқандардың саны 2,6 мың адам, жұқтырғандардың саны 5,3 мыңнан асты, деп хабарлады ВВС.

Соңғы бір тәулік ішінде ғана 100-ден астам адам осы індеттен қаза тапты. 18 қыркүйекте жарияланған ДДСҰ есебіне сәйкес, соңғы үш аптаның ішінде қауіпті вирусты жұқтырғандардың саны 2394 адамға жеткен.