Соңғы екі жыл ішінде қазақстандық 40 картина әлемнің 22 еліндегі 27 кинофестивальге қатысты

ТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Соңғы екі жыл ішінде қазақстандық 40 картина әлемнің 22 еліндегі 27 кинофестивальге қатысты.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед айтты.

«Қазақстандық киноның қайта өрлеуі шет елдерде де ескерусіз қалған жоқ. Соңғы екі жыл ішінде қазақстандық 40 картина әлемнің 22 еліндегі 27 кинофестивальге қатысты. Бұл Қазақстан киносына өте тамаша жарнама жасауға мол мүмкіндік беріп отыр», - деді министр. Сонымен қатар М. Құл-Мұхаммед соңғы 3 жыл ішінде 20-дан астам фильм прокатқа шыққанын, алғаш рет «Қазақфильм» еліміздің 60 кинотеатрымен арнайы келісімге қол қойғанын атап өтті.