Соңғы он жылда Жамбыл облысы тұрғындарының орташа өмір сүру деңгейі 2,5 жылға өсті
15:20, 10 Қазан 2013
АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Атқарылған мақсатты шаралар арқасында өңірде ана өлімінің деңгейі 2 еседен астам, нәресте өлімі 25,6 пайызға азайды. Бүгін ҚР Президенті жанынындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев осылай айтты.
«Сонымен қатар, туберкулез ауруының деңгейі 13,2 пайызға төмендеді. Өңір тұрғындарының орташа өмір сүру деңгейі соңғы он жылда 2,5 жылға өсіп, 70 жасқа жақындады»,- деді Қ. Бозымбаев.
Оның сөзіне қарағанда, туу көрсеткіші 63,3 пайызға ұлғайды.