Оған сәйкес 4 қазан күні Қазақстан аумағында 39 адам - коронавирустан, тағы 7 адам - пневмониядан қайтқан.
Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Алматы қаласында - 12 науқас.
Павлодар облысында - 5, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақтөбе облысында - 4, Солтүстік Қазақстан облысында - 3, Маңғыстау, Қостанай және Қарағанды облыстарында - 2, Шымкент қаласы мен Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында - бір адамнан көз жұмған.
Тек Жамбыл, Ақмола, Түркістан және Қызылорда облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.