Соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 61 сырқат көз жұмды
09:21, 19 Қыркүйек 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.
Оған сәйкес 17 қыркүйек күні Қазақстан аумағында 56 адам - коронавирустан, тағы 5 адам - пневмониядан қайтқан.
Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Алматы қаласында - 14 науқас.
Шымкент қаласында - 6, Нұр-Сұлтан қаласында және Батыс Қазақстан облысында - 5, Ақмола және Алматы облыстарында - 4, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында - 3, Павлодар, Маңғыстау және Атырау облыстарында - 2, Қарағанды, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында - бір адамнан көз жұмған.
Еліміздің барлық өңірінде дерлік қайғылы жағдайлар кездескен. Тек Қостанай және Түркістан облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.