Соңғы тәулікте коронавирустан қанша адам көз жұмды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес 12 қыркүйек күні Қазақстан аумағында 73 адам - коронавирустан, тағы 10 адам - пневмониядан қайтқан.

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Алматы қаласында - 20 науқас.

Шымкент қаласында - 9, Нұр-Сұлтан қаласында және Қарағанды облысында - 7, Шығыс Қазақстан облысында - 5, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында - 4, Маңғыстау, Қызылорда және Ақмола облыстарында - 2, Алматы, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында - бір адамнан көз жұмған.

Еліміздің барлық өңірінде дерлік қайғылы жағдайлар болған. Тек Түркістан және Қостанай облыстарында ғана коронавирустан ешкім көз жұмған жоқ.