Соңғы тәулікте республика бойынша 10 адам суға кетіп, опат болды

АСТАНА. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат - Шомылу науқаны басталғанына бірер күн болғанына қарамастан, республика суларында қайғылы оқиғалар орын ала бастады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атап айтқанда жексенбі күні республиканың сегіз өңірінде - Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында - 10 адам суға кетті. Олардың ішінде 61 жастағы үлкен кісі, 17 мен 27 жастың арасындағы 8 адам, 6 жасар қыз бала бар. Суға кеткен жеті адамның денесін судан құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар алып шықты, қалғандарының денелері іздестірілуде.