Соңғы тәулікте Үндістанда 134 154 адам COVID-19 жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Үндістан соңғы 24 cағатта COVID-19 вирусын жұқтырудың 134 154 жаңа оқиғасы тіркелгендігін, ал ал коронавирустан қайтыс болғандардың саны 2887 адамға жеткендігін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде COVID-19 вирусын жұқтырғандардың жалпы саны қазіргі кезде 28,4 миллион адамға жеткен, ал инфекциядан қайтыс болғандардың жалпы саны - 337 989 адам.