Соңғы төрт жыл ішінде Тараздағы мектепке дейінгі мекемелердің саны екі есеге жуық өсті
16:42, 23 Желтоқсан 2009
ТАРАЗ. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Соңғы төрт жыл ішінде Тараздағы мектепке дейінгі мекемелердің саны екі есеге жуық өсті.
Бірақ баланы балабақшаға орналастыру проблемасы одан азая қойған жоқ.
ҚазАқпарат тілшісіне Тараз қалалық әкімдігі білім бөлімі бастығының орынбасары Павел Чирков бүгінгі күні облыс орталығында 10 203 орындық балабақшалардың және 870 баланы қабылдайтын 10 мектепке дейінгі шағын орталықтардың жұмыс істейтінін хабарлады. Барлығы 11 073 бүлдіршін мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.
Қалада кезекте тұрғандардың саны жыл сайын өсіп келеді және бүгінгі күні 13 мың сәбиді қамтиды. Облыс орталығында мектепке дейінгі мекемелердің желілерін кеңейту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп отыр. П.Чирков 2010 жылы мектепке дейінгі мекемелер желілерін 3 010 орынға дейін ұлғайту жоспарланғанын тілге тиек етті.