Басқарма төрағасының айтуынша, «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» - «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыратын операторлардың бірі болып табылады.
«Негізі, Жылжымайтын мүлік қоры 2009 жылы құрылған болатын, сол кездегі мақсатымыз үлескерлердің мәселелерін шешу, тоқтап қалған құрылыстарды аяқтау болды. Сол бағдарлама бойынша үш мыңнан астам үлескердің мәселесі шешіліп, 1 млн. шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды. Ал «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 15 жоба бойынша тұрғын үй салуды қолға алдық. Нәтижесінде, бүгін Ақтөбе, Тараз қалаларында және Алматы облысында жалпы аумағы 150 мың шаршы метрден астам тұрғын үйлер пайдалануға берілді», - деді Б. Палымбетов.