деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінгі күні еліміз аумағында жайылатын киіктердің есебін жүргізу Білім және ғылым министрлігінің Зоология институты тарапынан әзірленген әдістемелер арқылы жүргізіледі. Есепке алудың бұл түрі халықаралық сарапшылар тарыпан да қолдау тапқан. Сонымен бірге, қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі киіктердің таралымын сақтау үшін халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған шараларды жүзеге асырып отыр. Мәселен, Түрікменстан Үкіметімен киіктерді сақтау және олардың көбеюіне жағдайлар жасау жөнінде келісімге қол қойылды. Ресей және Өзбекстан едерімен үкіметаралық келісімдер жобасы әзірленген. Бұндай халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігі айқын, өйткені ақбөкендер өрісі, олардың жайылатын, қыстайтын мекендері Қазақстанның аумағынан шығып, көршілес мемлекеттермен де араласып жатады. Киіктердің жайлап жүрген орындары, жайылу бағыттары туралы нақты ақпараттар алу үшін спутник арқылы бақылаулар жүзеге асып келеді», деді Орман және аң шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Қайырбек Мұсабаев.
Оның айтуына қарағанда, Қазақстандағы киіктер санының құлдырау шегіне жеткен кезең 2000 жылдар болса, 2001 жылы алғаш рет бұл жануарларды қорғау және есебін жүргізу үшін бюджеттен 14 млн. теңге бөлінген. Одан кейінгі жылдары осы бағыттағы бюджеттік қаржыландыру жыл сайын арта түскен. Мәселен, 2007-2009 жылдары арасында әр жылы осы мақсатқа 200 млн. теңге жұмсалып келді.