«Тек ресми мәліметтер бойынша соңғы үш жылда Қазақстанға кіретін контрабандалық есірткі фактілерінің анықталуы көлемі 12 пайызға жуық көрсеткішке өсті. Әрине, бұл қылмыстың категориясы транзиттің жолында орналасқан Қазақстанның кейбір өңірлеріне ғана тән. Апиынды көкнәр егістерінің көлемі соңғы бес жылда (Ауғанстанда) 193 мың гектардан 209 мың гектарға дейін артып отыр», - деді И. Меркель.
Оның пайымынша, бұл проблеманың шешімін табу бағытында қазақстандық құқық қорғау органдары белсенді араласуы қажеті.
Сонымен қатар Бас прокурордың орынбасары бүгінде қалыптасқан ахуал есірткі саудасы жағдайына тереңдетілген талдау, сондай-ақ есірткі тасымалдау жолдарына тосқауыл қоюдың айтарлықтай тиімді іс-қимылдарын құру қажеттігін атап өтті.
«Есірткінің заңсыз айналымы адамзаттың жаһандық проблемасының бірі болып қала беруде. Қазіргі заманғы ұйымдасқан есірткі қылмысының трансұлттық ауқымы халықаралық қауіпсіздікке айтарлықтай қауіп төндіріп отыр», - деп түйді ол.