Соңғы жүз жыл ішінде Жердегі температура 0,74 градусқа көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жалпы атмосферадағы температура соңғы жүз жыл ішінде 0,74 градусқа жоғарылады, ал Әлемдік мұхит деңгейі 300 мм-ге көтерілді.

Климаттың өзгеруін қадағалайтын сарапшылардың үкіметаралық тобына қатысушылар осындай мәлімет таратты.

Сарапшылар 2007 жылдан бері бесінші есебін ұсынып отыр. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 250 адам атсалысты, деп хабарлайды Letnews порталы. Баяндама - 1,5 мың бет. Онда климаттың өзгеруіне физикалық және химиялық аспектілердің тигізетін әсері жан-жақты ашып көрсетілген.