Соңғы жылдары елімізде мұнай-газ қорларының өсуі байқалады - Н.Балғымбаев

АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Соңғы жылдары елімізде мұнай-газ қорларының өсуі байқалады. Бұл туралы бүгін Астанада басталған IV Еуразиялық энергетикалық форумда ҚР Президентінің кеңесшісі Нұрлан Балғымбаев айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  «Ия, соңғы жылдары еліміздегі мұнай-газ қорларының өсуі байқалады. Осыған орай бұл салаға көптеген инвесторлар - әлемнің ірі мұнай-газ компаниялары тартылып, Қазақстанның мұнайын шетелге шығару мәселелері шешілді. Бүгінде еліміздің «қара алтынының» негізгі жері - Каспий теңізінің қазақстандық жағалауын инфрақұрылымдық жаңарту жұмыстары атқарылуда. Ендігі мәселе, республика аумағындағы мұнай кендерін тиімді пайдаланып, осы іске отандық компанияларды тарту. Бұл басты міндет болуы тиіс», - деді өз сөзінде Н.Балғымбаев.