Sony 2 мың қызметкерді қысқартпақшы

None
АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Sony Corp. компаниясы 2 мыңға жуық қызметкерді қысқартатыны жөнінде мәлімдеді, деп хабарлайды Азиатский репортер сайты.

Қысқартулар мерзіміне дейін зейнеткерлікке шығару бағдарламасы арқылы Sony-дың бас компаниясы мен оның бөлімшелерінде 2013 жылдың наурыз айында жүзеге асырылады.

Бұл компанияның жұмыс күшін қысқарту жөніндегі жоспарының бір ғана шарасы болып табылады. Бұған дейін Sony химиялық өнімдер бизнесін Development Bank of Japan банкіне сату арқылы қызметкерлер санын 1800-ге қысқартты.

Кезінде жапон технологиялық шеберлігінің символы болған Sony соңғы төрт жылды шығындармен аяқтап жүр.  Өткен қаржылық жылды компания 456,66 млрд иен таза шығынмен аяқтаған.