Sony бүкіл әлем бойынша қауіпті батарея салынған ноутбуктерін кері қайтаруда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Sony модельдегі аккумуляторлары (Panasonic фирмасы шығарған) қызып, өрттің туындауына себеп болған жаңа шыққан VAIO Fit ноутбуктер партиясын кері қайтарып алуда.

Әңгіме бүкіл әлем бойынша соңғы айларда сатылған 26 000 құрылғы жайында болып отыр.

Sony бүкіл әлем бойынша 25 905 құрылғы сатқанын атап өтті. Panasonic тағы қандай электроника өндірушілері осы сериядағы жарамсыз батареяларды сатып алғанын жариялаудан бас тартуда, олар бұл ақпаратты коммерциялық құпия санайды, деп жазады The Wall Street Journal.