«Sony» футболдан Қатардағы ӘЧ-2022 айналасындағы дау-дамайды тексеруді талап етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан әлем чемпионатының бас демеушісі «Sony» компаниясы ӘЧ-2022 додасын өткізуде Қатардың өтініміне байланысты жемқорлық айыптауларын тергеуге шақырды.

«Sunday Times» британдық газетінің мәліметінше, ӘЧ-2022-ні өткізуші ел ретінде Қатардың кандидатурасын қолдау үшін футбол шенеуніктері 5 млн. доллар көлемінде пара алған. ВВС-дің жазуынша, ФИФА вице-президенті Джим Бойс сайлау кезінде жемқорлық туралы күдіктер дәлелденсе, онда дауыс беруді қайталап өткізуді қолдайтындығын мәлімдеді. Өз кезегінде Қатардың ұйымдастырушы комитеті аталған заңсыз әрекеттер болмағанын атап өтуде.