Sony авторлық құқықты сақтау үшін музыканттарға жаңа технология ұсынды
АСТАНА. KAZINFORM — Sony Group Corp. жасанды интеллект көмегімен қандай шығармалар негізінде музыка жасалатынын анықтауға мүмкіндік беретін технологияны таныстырды, деп хабарлайды Kyodo.
Компанияның мәліметінше, бұл құрал композиторларға, авторларға және авторлық құқық иелеріне шығармалары рұқсатсыз пайдаланылған жағдайда өтемақы талап етуге мүмкіндік береді.
Технология жасанды интеллект моделінің параметрлерін талдайды, әуенді түпнұсқамен салыстырады және олардың соңғы нәтижеге әсер ету дәрежесін анықтайды, бұл өтемақы есептеулерін жеңілдетеді.
Компания контент жасаушылар тиісті өтемақы алатын ашық жүйенің қалыптасуына ықпал етеді деп үміттенеді.
Зияткерлік меншікті қорғау компанияның негізгі бағыттарының біріне айналды. Sony Music Entertainment 2024 жылы ЖИ технологиясын пайдалана отырып, авторлық құқықты бұзып, әуен шығарғаны үшін АҚШ-та сотқа шағым түсірді.
Айта кетейік, АҚШ, ҚХР және Үндістан ЖИ саласында бәсекеге қабілетті елдердің үздік үштігіне енді.