Соня Жиенбаева АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты
15:09, 07 Қараша 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева АҚШ-тың Линкольн қаласында өтіп жатқан ITF W35 турнирінде ширек финалға жолдама алды.
Қазақстандық спортшы 1/8 финалда америкалық Вирджиния Крокермен күш сынасты. Нәтижесінде отандасымыз 6:0, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
ҚР ҰОК мәліметінше, келесі айналымда ол ресейлік Эдда Мамедовамен кездеседі.
Айта кетейік, Соня Жиенбаева Мадридте өткен турнирде жеңімпаз атанды.
Соня Жиенбаева Түркиядағы турнирдің чемпионы атанды.
17 жастағы теннисші Соня Жиенбаева Испаниядағы жарыстың жеңімпазы атанды.