Соня Жиенбаева Мадридте өткен турнирде жеңімпаз атанды
20:26, 29 Қыркүйек 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Мадридте өткен ITF турнирінде жеңімпаз атанды, деп жазады Sport Plus Qazaqstan.
Финалдық кездесуде қазақстандық спортшы үш сетте де британиялық Элис Гилланнан 6:1, 5:7, 6:1 есебімен басым түсті.
Бұл Жиенбаеваның мансабындағы 7-ші жеңіс.
Осыған дейін Аргентинада ITF W50 сериясы бойынша өткен жарыста Жібек Құламбаева үшінші айналымда корт иесі Джулия Риеруды 6:3, 0:6, 6:4 есебімен жеңгені хабарланды.