Соня Жиенбаева Өскемендегі ITF турнирінің финалына дейін жетті
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемен қаласында әйелдер арасында ITF W15 турнирі мәресіне жетті.
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Аталмыш жарыста 18 жастағы қазақстандық теннисші, дүниежүзілік рейтингіде 824-орындағы Соня Жиенбаева табысты өнер көрсетті.
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
С.Жиенбаева финалға дейін қарсыластарының бәрін қапы қалдырып, сүрінбей жетті. Тек соңғы бәсекеде ғана әлемнің 768-ракеткасы, ресейлік Алиса Кюммельге ғана тартысты матчта есе жіберді – 6:7 (1:6), 3:6. Финалдық ойын 1 сағат 44 минутқа созылды.
Соня Жиенбаева қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 818-орынға көтеріліп тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Рыбакина мен Путинцеваның АҚШ-тағы Цинциннати турнирінде бақ сынайтынын жазған болатынбыз.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).