Жогорку Кенеш қаулысының көшірмелері президент аппаратына 2020 жылдың 12 қазанында келіп түскен.
ҚР Конституциясының 84-бабы 5-тармағына сәйкес президент үш күн ішінде премьер-министр мен үкіметтің басқа да мүшелерін тағайындау туралы жарлық шығарады.
Айта кетейік, Жогорку Кенештің бұл шешімі қоғам арасында қызу талқыға түсіп, қабылданған шешімнің заңды екендігіне күмән келтірушілер көп.
Конституцияның 77-бабы 4-тармағына сәйкес Жогорку Кенеш депутаттарының жартысынан көбі қатысқан жағдайда Жогорку Кенеш отырысы заңды деп есептеледі.
«Жогорку Кенештің регламенті туралы» Заңның 82-бабына сәйкес Жогорку Кенештің және оның органдарының отырыстары кворум болған кезде заңды, ал қабылданған шешімдер – заңды күші бар деп есептеледі. Жогорку Кенеш, комитеттер, комиссия отырыстарының кворумы Жогорку Кенеш депутаттары, комитеттер, комиссиялар мүшелерінің жалпы санының көп бөлігі қатысқанын білдіреді.
ҚР «Жогорку Кенеш регламенті туралы» Заңының 1-бабына сәйкес, депутаттар отырысына қатысып отырғандар ретінде жиналыс залында бар және дауыс беру алдында тіркелген депутаттар есептеледі.
Яғни, 61 депутат болған кезде кворум да болады. Сенімхат беру – дауыс беруге мүмкіндік бергенімен, кворумды құруға кепіл бола алмайды.
Қолда бар ақпарат бойынша 2020 жылдың 10 қазанындағы Жогорку Кенештің кезектен тыс отырысына 51 депутаттың қатысқаны және 10 депутаттың сенімхат бергені ресми түрде хабарланды.
Осылайша, кворум болған жоқ, ал кворумсыз қабылданған шешімдер заңсыз әрі заңды күші жоқ деп есептеледі.
Осыған байланысты, Қырғыз президентінің аппараты ұсынған құжаттарды парламентке қайтарды.
Еске салсақ, 4 қазан күні Қырғызстанда Жогорку Кенешке депутаттарды сайлау өтті. Депутаттық мандатқа 16 партия үміткерлік етті. Дауыс берудің алдын ала мәліметі бойыншы, 7% межені 4 партия еңсерді.Ал, 5 қазан күні сайлау нәтижесіне көңілі толмаған бір топ адам орталық алаңда митинг ұйымдастырып, одан кейін Ақ үйге беттеді. Оларды тарқату үшін милиция көз жасаурататын газ, суатқыш және газ-шуылды құрылғылар қолданған. Бішкек уақытымен сағат 22.00-дегі мәлім бойынша, ауруханаға зардап шеккен 16 адам жеткізілген. Кейінгі мәлімет бойынша, зардап шеккен адамдар саны 911-ге жетті.
Елдің Ішкі істер министрлігі митингті ұйымдастырушылар мен партия басшыларын өз жақтастарын үйлеріне қайтаруға шақырды.
Сонымен қатар, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкек қаласының аумағында төтенше жағдай режимін қайтадан енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.