ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық сотында есірткі затын өсірген сотталушының ісі қаралды. Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 5 жыл бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын түзеу колониясының жалпы режімінде өтейді, деп хабарлайды аудандық соттың баспасөз қызметі.
Сотталушы Ж. аумағы 12х15 м болатын алқапқа заңсыз өсіруге тыйым салынған, құрамында есірткі заттары бар 409 түп сора өсімдіктер егіп, кептірілмеген 5450,0 грамм марихуана сақтаған.
Сондай-ақ, сотталушы Ж-ға нашақорлықтан еріксіз емдеу шарасы қолданылады. Үкім заңды күшіне енбеген.