Сорбұлақ су қоймасы штаттық режимде істеп тұр – ТЖД

Фото: Алматы облысы ТЖД

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысының ТЖД  мен «Алматы Су» МКК меншік иесі Сорбұлақ су қоймасына тексеріс жүргізді.

Алматы облысы ТЖД-ның мәліметінше, су қоймасының бұзылу қаупі байқалмайды, штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Сорбұлақ су қоймасы Алматы қаласының солтүстік-батысында орналасқан, қаланың тазартылған ағындыларын сақтауға арналған табиғи тұйық бассейн.

«Су қоймасы Алматы облысының Іле ауданында орналасқан. Тереңдігі 25 метрден асады, ауданы 58 шаршы шақырымды құрайды. Тәуліктік сулар су қоймасына 1973 жылдан бері жергілікті жердің табиғи еңісіне байланысты өздігімен жиналады», - деп хабарлады ТЖД-да.