Сорбұлақта екінші адамның мәйіті табылды

АСТАНА. KAZINFORM - EC-145 тікұшағы құлаған аймақта іздестіру-құтқару іс-шараларының жалғасуы барысында екінші адамның денесі табылып, судан шығарылды, деп хабарлады бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінің бапасөз қызметі.

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазіргі уақытта құзыретті органдардың қатысуымен анықтау рәсімі жүргізіліп жатыр. Естеріңізге сала кетсек, іздеу жұмыстары Қорғаныс министрлігінің, ТЖМ, ІІМ және басқа да ведомстволардың барлық қажетті күш-құралдарын жұмылдыра отырып, тәулік бойы іске асырылуда.

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Айта кетейік, 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу барысында Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кеткен.

Бір күннен кейін жоғалған тікұшақтың бөлшектері табылғаны белгілі болды.

Кеше, сарбаздар шамамен 14 метр тереңдікте әуе кемесінің ішінара сынықтары мен бір адамның мәйітін анықтады.

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі