Сорбұлақтың суын ағаш өсіруге қолдануға болады - Алматы облысы

None
АЛМАТЫ. 20 наурыз. ҚазАқпарат -  Ел аумағының 4 пайызын ғана құрайтын орман алқабын ұлғайтуда Сорбұлақтың суын  пайдалану керек.

«Гүлзар» қоғамдық бірлестігі мен республикалық «Гүлстан» журналының құрылтайшы-директоры Гөзел Құлжабаеваның айтуынша, онда жылдам  өсетін ағаш түрлерін өсіруге барлық мүмкіндік бар.

«Қытайлар кәріз суымен алма бағын суғарады екен. Ал біз оны құрылыс пен жиһаз өндірісіне қажетті материалдар алуға болатын ағаш түрлерін өсіруге пайдалануымызға болады ғой. Бұл үшін елді мекен тұрғындарына 1-2 жылға үкімет тарапынан субсидия берілсе жеткілікті. Шыққан шығын бірнеше жылда өз құнын толық ақтап, аудан бюджетіне қосымша кіріс кіргізуге де мүмкіндік туады», - дейді Г. Құлжабаева.