Бұл туралы сәрсенбі күні CTV телеарнасы хабарлады.
Тәртіп сақшылары тоғыз адамды қолға түсірді. Олардың ішінде 12 және 16 жастағы қыздар және екі 16 жасар, сондай-ақ 17 жастағы жасөспірім бар.
Канадалық заңға сәйкес, олар кәмелеттік жасқа толмғандықтан аты-жөні айтылмайды.
Солармен бірге 18 жасар Абдуллахи Хассан, 24 жасар Николь Бранд және 39 жастағы әйел де тұтқынға алынды.
Полиция бұларға заңсыз қару, оқ-дәрі сақтағаны, сонымен қатар қарулардың сериялық нөмірлерін өшіргендігі үшін, жалпы алғанда 111 айып тағып отыр.
Тәркіленген қарулардың арасында екі тапанша-пулемет бар. Қазір полиция бұл үйде соншама қару не үшін, қандай мақсатпен сақталғандығын және ұсталғандардың бір-бірімен қандай қарым-қатынаста болғандығын тексеруде.