Сот адам ағзаларымен заңсыз сауда жасаған деп айыпталушы түрiк дәрiгерiн босатты
12:08, 14 Қаңтар 2011
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Сот адам ағзаларымен заңсыз сауда жасаған деген айыпталушы түрiк дәрiгерiн босатты, деп хабарлайды РИА Жаңалықтар агенттігі.
Ыстамбұл соты сәрсенбі күні адам ағзаларымен заңсыз сауда жасаған деп айып тағылған және оның трансплантациясы Әзірбайжан мен Косовода болған түрiк дәрiгерi Юсуф Эрчин Сөнмезді кінәсі дәлелденбегені себепті босатқан.