Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәсилхатында ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбет мәлім етті.
Мемлекет басшысының құқық қорғау қызметін реформалау жөніндегі Жарлығына сәйкес атқарушы құжаттарды орындау қызметі мен өкілеттіктер Әділет министрлігінің қарауына берілгендігін атап өткен ол: «Қазір Сот актілерін орындау комитеті Әділет министрлігінің құрамында жұмыс істеуді бастады»,- деді.
Ағымдағы жылғы қазанның 21-інен бастап «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» жаңа заң қабылданып, өз күшіне енген. Бұл құжатқа сәйкес сот орындаушыларына бірқатар құзірет беріліп отыр. «Осы заңға сәйкес енді сот орындаушылары жосықсыз борышкерлерге қатысты дебиторлық берешектен өндіріп алу, лицензиясы мен рұқсат қолданысын тоқтата тұру, ел аумағынан шығуға тыйым салу, мүліктік емес сипаттағы істер бойынша үдемелі өсімақы салу сынды шараларды қолдана алады», - деді Е.Ерімбет.