Сот Александр Емельяненконы зорлық жасағаны үшін тұтқындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласының Симонов соты аралас жекпе-жек бойынша даңқты спортшы Александр Емельяненконы зорлық-зомбылық жасады деген айыппен тұтқынға алды, деп жазады Росбалт.

Тергеу деректері бойынша, Пересветов көшесіндегі үйлердің бірінде 2014 жылдың 3 наурызы түні Емельяненко үй тазалаушы әйелді зорлаған. Кейін ол тазалықшының сумкасын паспортын алып кеткен.

Спортшы түнде Тамбовтан Мәскеуге жеткізілді. Ол жақта оны жол көлік оқиғасына тап болған жерінен ұстаған.

Айта кетейік, Александр Емельяненко - аралас жекпе-жек бойынша халықаралық чемпионаттарда топ жарып жүрген спортшылардың бірі. Оның ағасы Федор Емельяненконы Ресей және АҚШ бұқаралық ақпарат құралдары аралас жекпе-жек тарихындағы ең үздік шеберлердің бірі деп санайды.