Сот Алмазбек Атамбаевтың изоляторда ұстау мерзімін ұзартты

Фото: None
БІШКЕК. Кабар – ҚазАқпарат – Сот Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты Мемлекеттік ҰҚК тергеу изоляторында 26 қазанға дейін қалдыру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Шешім Бішкектің Первомай аудандық сотысудьяларының бүгін өткен көшпелі отырысында қабылданды.

Еске сала кетейік, Қырғызстанның бұрынғыпрезиденті бірнеше бап бойынша айыпталып отыр. Атап айтқанда, Атамбаев: Бішкекжылу энергия стансасын жаңғырту кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол берді, Бішкекжылу энергия стансасына көмір жеткізуде сыбайлас жемқорлыққа жол берді, заңсызжолмен табыстарын арттырды («Форум» ғимараты ісі), Геология агенттігініңжекелеген лауазымды тұлғаларымен бірге лицензия беру бойынша сыбайласжемқорлыққа жол берді деген күдікке іліккен.

Бұдан бөлек, бас прокурор Откурбек ДжамшитовАтамбаев қару қолдану, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру, тергеуге кедергіжасау, адамдарды кепілге алу, адам өлтіруді ұйымдастыру, адам өлтіруге әрекетжасау баптары бойынша күдікке ілінген мәлімдеген.

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздіккомитетінің төрағасы Орозбек Опумбаев Қырғызстанның бұрынғы президенті АлмазбекАтамбаев төңкеріс жасамақшы болды деген еді.

Қазіртергеу амалдары жүріп жатыр.