Осы арқылы сарбаздың анасы Татьяна Рейдің «ұлының мерт болғандығын растау немесе оның өлімінің фактісін анықтау» туралы сотқа жолдаған талап-арызы қанағаттандырылды.
«Денис Викторович Рей ҚР ҰҚК «Арқанкерген» шекара заставасында жауынгерлік қызметін өтеу кезінде ҚР Қарулы Күштері қатарында әскери міндетін атқару барысында 2012 жылғы 28 мамырда қаза болды деп танылды», - делінген бүгін соттың қабылдаған шешімінде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, сарапшылар сарбаздың денесі қатты күйік шалғандықтан оның генетикалық сараптамасын жүргізе алмаған еді.
ҚР Бас әскери прокуратурасы өкілінің сөзінше, Д. Рейдің қаза болғандығын растау арқылы оның анасына тиісті жеңілдіктер мен ұлының өліміне байланысты 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде өтемақы төлеуге мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, осы бекетте әскери борышын өтеп жүрген Владислав Челах «Арқанкерген» шекара қосынында 15 адамды өлтірді деген айыппен 2012 жылы сотталған болатын.