Қ. Үсенов 214 000 000 теңге көлемiнде бюджеттiк қаражатты қолды қылды деп күдiктелуде. Тергеу мәлiметтерi бойынша, 2014 жылдың басында Қ.Үсенов «Southfork» компаниясының атқарушы директоры С.Сейітовпен және «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның лауазымды тұлғаларымен бiрге ЭКСПО-2017 көрмесiн Астанада өткiзуге арналған және оларға сенiп тапсырылған iрi көлемдегi қаражатты қалтаға басу мақсатында қылмыстық жоспар құрады.
Кейiн Қ.Үсенов «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның лауазымды тұлғаларымен бiрге ол пиғылды iске асыру үшiн «Southfork» компаниясын ашық тендерден жеңiмпаз етiп шығарады. 2014 жылдың мамыр және қазан айлары аралығында «Southfork» компаниясы көрме құрылысы жүруi тиiс жер телiмiн қоршауға кiрiседi. С.Сейітов материалдық байлыққа кенелу мақсатында ай сайын акті жасау барысында жұмыс және материал құнын қасақана жоғары көрсетiп отырған. Осы аралықта үлкен көлемде қаражат түскен және ол кейiн банктен шешiлiп отырған. Қазiргi уақытта тергеу жалғасуда.