2014 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының аумағында «KFC» сауда белгісінің иегері «Caspian International Restaurants Company» (CIRC) компаниясының атына электрондық түрде бүркеншік хат түсті, онда егер компания 5 000 000 теңге көлемінде «өтемақы» төлемесе, «KFC» өнімінде құрт бар екендігі туралы ақпаратты таратып жіберетіні жайлы айтып, бопсалаған.
Хатты алып компания басшылығы ҚР ІІМ-ге аталған факті бойынша шара қабылдау шағымымен жүгінеді.
ІІМ қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізгеннен кейін 2014 жылғы желтоқсанда бопсаланған ақшалай қаражатты алып жатқан үстінде 1982 жылғы азаматша С-ны ұстайды.
Астана қаласы ІІД Тергеу басқармасы азаматша С-ны ҚР ҚК 181-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін айыптады. Есіл аудандық соты азаматша С-ны 2 ай мерзімге тұтқындауға санкция берді.
12 қаңтарда сағат 15:00-де Астана қ. Мамандандырылған ауданаралық соты аталған қылмыс бойынша бірінші тыңдауды тағайындады (Астана қ. Омаров көшесі, 57-үй).