Іс деректерінде көрсетілгендей, үстіміздегі жылдың наурыз айында Садчиков ауылының тұрғыны Б. мас күйінде өз үйінің кіреберісінде тұрып, ауылдасы Т.-ға пышақ салған.
«Сотталушы Б. жәбірленушінің іш қуысын жаралап, өміріне айтарлықтай зиян келтірді. Ол сот отырысында кінәсін толықтай мойындап, ісіне өкінетінін жеткізді. Сот оның кәмелеттік жасқа толмаған баласының барын ескеріп, жазасын жеңілдетті. ҚР ҚК 106-бабы, 1-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.