Сот ажырасқан ерлі-зайыптыларға несиені бөліп төлеуді міндеттеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сот ажырасқан ерлі-зайыптыларға олардың бұған дейінгі банкіден алған несиесін бөліп төлеуді міндеттеді, деп хабарлайды Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Еңбекшілдер  аудандық соты ерлі-зайыптылар арасындағы мүлікті бөлу туралы азаматтық  істі медиацияны қолдана отырып қараған. 

Сот анықтағандай, бұрынғы ерлі-зайыптылар бірге тұрған некеде екі жақ бірдей келісімімен отбасының мұқтаждылығына несие алған. Енді неке бұзғаннан кейін мүлікті бөлу туралы шешім қабылдады.  Сотта, тараптар дауды реттеу  туралы медиация тәртібімен медиативтік келісімге келген.        

Сот медиативтік келісімін бекітті, оның шарттары бойынша тараптар бірге банктік несиені өтейді.

Сот ұйғарымымен азаматтық іс бойынша іс жүргізу  тоқтатылды.