«Заң жобасы тараптардың келісімі бойынша мүлікті бөлу мүмкін болмаған жағдайда, оны жария саудаға салып сату туралы соттың шешім қабылдау міндетін белгілейді. Аталған түзету Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулысының ережелерін орындау және жалпы меншік құқығын, сондай-ақ даулы мүліктің меншік иелерінің құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында ұсынылды.
Екіншіден, заң жобасымен меншіктен бас тартудың талаптары нақтыланады. Атап айтқанда, меншіктен бас тартудың талаптары ретінде меншік иесіннің ерік білдіруі құқыққа сай және еріктілігі көзделеді. Сонымен бірге, мемлекет және оның органдарының меншік құқығынан бас тартуына тыйым салынады»,-деді министр.
Аталған шаралар сот және құқық қолдану тәжірибесінде әртүрлі мағыналы түсінуді жояды, сондай-ақ меншік құқығын қорғауды күшейтеді.
Сонымен қатар құжатта жан азабы немесе тән азабы салдарынан қайтыс болған азаматтардың туыстарының құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында заң жобасымен олардың моральдық зиянды өтеу құқығы белгіленеді.
«Заң жобасы жарамсыз мәмілелерді дауланатын және мәніссіз мәмілелерге заңнамалық негізде бөлуді ұсынады. Аталған жіктеу шарттық қатынастардың тұрақтылығын және мәміле жасасу барысында құқық бұзушылықтарды болдырмау тәртібін сот рәсімін өткізбей оңайлатуды қарастырады. Бұл тараптардың уақыттық және материалдық шығындарын едәуір азайтады»,-деді Бекетаев.