Сот ерлі-зайыпты Храпуновтарды жауап беруге Алматыға шақырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған соты ерлі-зайыпты Храпуновтарды сот алдындағы соңғы сөзін айтуға Алматыға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, судья ҚР «ҚПК 330-бабын (сотталушылардың шетелде болуына байланысты отырысқа келмеуі), ҚР ҚПК 335,384 баптарының (сот жарыссөз аяқталған соң сотталушыларға соңғы сөз беріледі) ескере отырып, Виктор Храпунов, Айяр Ілиясов, Лейла Храпунованы 2018 жылдың 2 қазанында 9:00 шамасында Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 85 ғимаратын бойынша орналасқа сотқа шақырды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кету керек, бүгін сотта Храпуновтар ісі бойынша жарыссөз өтті.

Мемлекеттік айыптаушы Виктор Храпуновты 20 жылға, оның жары Лейла Храпунованы 17 жылға, Айяр Ілиясовты 8 жылға  бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. 

Айта кету керек, ерлі-зайыпты Храпуновтарға мемлекет мүлкін тонады, алаяқтық жасады, қызметтік лауазымын асыра пайдаланды, пара алып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып тағылған.

Олардың мемлекетке келтірген шығыны 250 млн долларды құрап отыр.