Сот Ернар Жиембайды 9 жылға бас бостандығынан айырды

Фото: Видеодан алынған скрин

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасауға қатысты резонанстық іс бойынша үкім шығарылды. 

Сот үкімімен Ернар Жиембай 9 жылға бас бостандығынан айрылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған шағымдануға болады.

Еске сала кетейік, 21 сәуір күні Руслан Берденов қалалық әкімдік ғимаратының жанында жарақат алған еді. Кейін Руслан Берденовке жасалған қастандық туралы іс сотқа жолданғанын жазған болатынбыз.

21 сәуірде Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалғаны мәлім болған. Ол жарақат алып, ауруханаға түсті.

Руслан Берденов ақпан айының соңында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған.