Каспий құбыр консорциумы баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот мұнайдың апаттық жағдайда төгілуін анықтаған.
Сот шешімімен келіспейтін Каспий құбыр консорциумы қайта шағымдануға ниетті.
«КТК-Р» АҚ қызметін тоқтата тұру бойынша қарсылықтарды жіберу мақсатында істі қарауды кейінге шегеру туралы өтінішті сот қанағаттандырусыз қалдырды. Соттың 2022 жылғы 5 шілдедегі қаулысымен Ространснадзордың талаптары қанағаттандырылды: «КТК-Р» АҚ қызметін 30 тәулікке әкімшілік негізде тоқтата тұру түріндегі жаза тағайындалды», - деп хабарлады компания.
Бұған дейін Каспий құбыр консорциумының мұнай тасымалдайтын 2 құрылғысы жұмысын уақытша тоқтатқаны туралы хабарлаған едік.