Сот ҚР Білім және ғылым министрлігінің Евгений Анды проректор міндетінен уақытша шеттету туралы бұйрығын заңсыз деп тапты

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Астана қаласы Есіл аудандық соты ҚР Білім және ғылым министрі м.а. М.К. Орынхановтың Евгений Анды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегі проректоры лауазымы міндетін орындаудан уақытша шеттету туралы 2012 жылғы 19 қыркүйектегі бұйрығын заңсыз деп тапты.

Бұл туралы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі хабарлады.  

Бұдан бұрын 2012 ж. 3 қарашада Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті 2012 жылғы 3 қыркүйекте қозғалып, өндіріске алынған ҚазҰУ-дың проректоры Е.Анға қатысты істе қылмыстық құраманың болмауына байланысты тоқтатқан болатын.