Бұл пікірін ол бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысынан соң журналистерге берген сұхбатында айтты.
Депутаттың пікірінше, бұл мәселелердің барлығын ұдайы жетілдіріп отыру қажет. Қоғам арасында судьялардың жекелеген әрекеттеріне азаматтардың көңілдері толмайтын кездері де болады. Осы мәселені реттеу бағытында бүгінгі Жолдауда нақты міндеттер қойылды. Жалпы сот органдары арасында жемқорлықпен күрес пен олардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету - маңызды міндет», - деді депутат.