Сот орындаушылардың қызметін бақылау функциясын Сот әкімшілігіне қайтару ұсынылды

Фото: Фото: pexels.com

АСТАНА. KAZINFORM – Мәжілістегі сот орындаушылардың қызметін жетілдіруге арналған Үкімет сағатында депутаттар Сот орындаушылардың қызметін бақылауды Сот әкімшілігіне қайта беру ұсынылды.

- Сот мемлекет атынан шешім шығарады. Ал сол шешімнің дұрыс орындалуы жеке сот орындаушылардың қолында. Осыдан келіп азаматтардың мемлекетке деген өкпесі пайда болады. Осыған байланысты менің нақты ұсынысым бар. Сот әкімшілігі дейтін орган бар ғой. Сот орындаушылардың қызметін бақылау функциясын Әділет министрлігінен алып осы Сот әкімшілігіне беру керек сияқты, - деді Абзал Құспан.

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев бақылау функциясын бір органнан басқа беру проблеманы түпкілікті шешпейтінін айтып, ол ұсынысты қолдамаған.

Алайда депутат Мұрат Әбенов әріптесінің ұсыныс қуаттап, аталған функцияны Жоғарғы сотқа беру керек деген талап қойды.

- Жеке сот орындаушылар палатасының әңгімесін тыңдап отырмын. Ғимаратты сүріп тастау мәселесін әкімдіктерге берейік, баланың ата-анасымен кездесу мәселесін Оқу-ағарту министрлігіне берейік деп отыр. Ондай дұрыс емес. Жауапкершілік алған екенсіздер, бәрін мойынға алыңыздар. болмаса, мойындау керек. «Қолымыздан келмеді, өкілеттілікті Жоғарғы сотқа берейік», - деңіздер. Қолдарыңыздан келмейтіні рас қой, көріп тұрмыз. Бірнеше жыл бойы министрліктің қолынан келмеді. Қайтадан Жоғарғы сотқа беру керек деп есептеймін. Бұл ұсынысты Үкімет сағатының хаттамасына енгізейік, - деді депутат.

Осы жиында шағын несиесін өтемеген азаматтардың 2,5 млн құжаты жеке сот орындаушылардың қолында жүргені мәлім болды.