Ол бойынша қос палата арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру үшін келісім комиссиясын құру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған заң жобасы бойынша елімізде орындаудың мемлекеттік жүйесімен қатар жеке сот орындаушылары институтын құру мақсаты көзделіп отыр. Бұл өндіріп алушыларға мемлекеттік немесе жеке сот орындаушысына жүгінуді таңдау құқығын береді. Мамандардың пікірінше, жеке сот орындаушыларының институтын енгізу қосымша бюджет қаражаттарын жұмсамай-ақ орындаудың мемлекеттік жүйесінің жүгін жеңілдетуге мүмкіндік туғызады. Тұтастай алғанда, заң жобасын қабылдау сот шешімдерінің орындалу сапасын арттырады және сот пен өзге де органдар актілерінің нақты әрі мүлтіксіз орындалуына жәрдемдеседі. Сондай-ақ жеке орындаушылық институтын енгізу бюджетке түсетін салық түсімдерінің ұлғаюына сеп болады.
Сенат Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына сот орындаушыларының ережелері мен мәртебесін реттеуге және еріксіз орындау тетіктеріне қатысты баптарды толықтырған. Бұдан басқа, бірқатар нақтылау сипатында түзетулер жасаған болатын. Мәжіліс депутаттары бұндай түзетулердің бірқатарына келіспеушілік танытты. Соған орай, қос палата арасында келісім комиссиясын құру туралы шешім қабылданып, оның құрамына Мәжіліс депутаттары сайланды.